Астанада Hyundai Accent жүргізушісі 15 жастағы қызды қағып, мерт қылды

Астанада Hyundai Accent жүргізушісі 15 жастағы қызды қағып, мерт қылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Астанада жеңіл автокөлік жаяу жүргіншілер жолынан өтіп бара жатқан 9-шы сынып оқушысын қағып мерт қылды. Оқиға таңғы сағат 8:40 шамасында болған. «Hyundai Accent» маркалы автокөлікті тізгіндеген жүргізуші Қабанбай батыр көшесімен Әуежайға қарай бет алып бара жатқан. Көлік астына түскен 15 жастағы қыз сол жерде көз жұмды. Ал, автобус жүргізушісі болып жұмыс істейтін әкесі қызын сол кезде аялдамадан түсіріп, жолақтан аман-есен өтуін бақылап тұрған. 

«Хюндай Акцент маркалы көліктің жүргізуішісі жолда кетіп бара жатқан жасөспірімді соғып кетіп, нәтижесінде, 2003 жылғы туылған қыз, жаяу жүргінші қайтыс болды. Қазіргі таңда осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-ші бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. тиісті сараптамалар тағайындалды», - деді Астана қаласы ІІД ресми өкілі   Софья ҚЫЛЫШБЕКОВА.

Айта кетейік, Астанада жыл басынан бері 29 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 5 адам қаза болыпты. Ал, былтыр 583 жол көлік апаты орын алып, 60 азамат ажал құшқан. 

Новости партнеров