|
30.01.2018 | 17:21
1919

Мысырға демалуға барған отандасымыз жұқпалы ауру жұқтырды

Мысырға демалуға барған отандасымыз жұқпалы ауру жұқтырды

Мысырда еңбек демалысында теңіз жәндігі шақты деп Қазақстанға шұғыл түрде жеткізілген отандасымыздың жағдайы қалыпты. Бұл туралы Астананың нөмірі 1-ші ауруханасының дәрігерлері мәлімдеді. Мамандар арнайы рейспен жеткізілген қарағандылық Олег Василенконы су жәндігі шаққан жоқ, ол Мысырда инфекция жұқтырды дегенді айтты. Сол аяғы ісіп, дене қызуы көтерілген қазақстандыққа мысырлық ақ халаттылар тері және тері астының жұқпалы ауруы деген диагноз қойған. Қазір ол жіті бақылауда.

«Науқастың жағдайы орташа. Өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Египеттегі біздің әріптестеріміз диагнозын дұрыс қойған. "Терінің және тері ішілік инфекциясы" деген диагноз қойылған. Сол бойынша биотека терапия салынды. Динамикада жағдай дұрысталған. Температурасы қалпына келген», - деді ¤Астана қалалық №1-ші ауруханасының хирургиялық инфекция және колопроктология бөлімшесінің меңгерушісі Қазыбек АҒЫБАЕВ.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир