Астанада құрылыс компаниясының басшысы ірі көлемде ақша жымқырды деген күдікке ілінді

13.12.2016 17:30

Астанада белгілі құрылыс компаниясының басшысы ірі көлемде ақша жымқырды деген күдікке ілінді. «Әл-Баракат» серіктестігінің директоры Бақытжан Тойымбетов 800 адамға тиесілі қаражатты қалтасына басқан деген пайым бар. Ол қымқырған қаржы 1 млрд теңгеден асады екен. Мемлекеттік кірістер комитетінің қызметкерлері күдіктіге қатысты істі зерттеп, прокуратура өкілдеріне табыстапты. Ал, пагон таққандар қылмыстық әрекетті соттың қарауына жолдаған. Бақытжан Тойымбетов осыған дейін де дәл осындай күдікпен 8 жылға сотталған еді. Үкім бойынша, оның барлық дүние-мүлкіне тыйым салынған. Құзырлылардың тексерісі кезінде ақша жымқыру ісіне әлдебір өзбек азаматының да қатысы бары анықталыпты.