Астанада «Мектепке жол» жобасы бастау алды

01.08.2017 16:19

Жаңа оқу жылының басталуына бір айдай уақыт қалды. Астанада осыған орай, жыл сайын дәстүрге айналған «Мектепке жол» жобасы бастау алды. Биылғы жылы ол «Менің таңдауым- балаларға жәрдем» деген атаумен өтпек. Республика бойынша 300 мыңға жуық балаға көмек көрсетілетін болады. Осыған орай, білім министрлігі өкілдері жергілікті әкімдіктерге көмек беру кезінде, көз бояушылық жасамауды ескертті. Әрі, жәрдемдесем дейтін азаматқа есік ашық екенін атап өтті. Себебі, игі шара қыркүйектің 30-на дейін жалғаспақ.

«Өткен жылы 320 мыңға жуық балаға 2 миллиард 468 мыңнан астам сома көлемінде көмек көрсетілген болатын. Жәрдемге қаржылай мұқтаж жандардың қатарында Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда мен Ақтөбе облысы алдыңғы шепке шықты»,- деді Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі балалар құқығын қорғау комитеті төрағасының орынбасары, Мәншүк ӘБДІКӘРІМ.