Астанада полиция көлігі 12 жасар велосипедшіні қағып кетті. Оқиға Сәкен Сейфуллин және Сабыр Рахимов көшелерінің қиылысында орын алған.
Қалалық Ішкі істер департаментінің Жедел басқару орталығының бейнекамерасына түскен жазбаға сүйенсек, велосипедте 2006 жылғы жасөспірім мен артында 2009 жылғы бала отырған. Олар жаяу жүргіншілерге арналған жол бөлігінен өте бергенде, полиция көлігі келіп соққан. Абырой болғанда, балалардың өміріне еш қауіп жоқ.
Департаменттің ресми өкілі мемлекеттік нөмірі «424 KP01» көлік жүргізушісіне қатысты барлық қажетті құжаттар тіркеліп, процессуалдық шешім қабылдау үшін Ішкі істер департаментіне жіберілгенін айтты.