Астанада «Ұлттық домбыра күні» алғаш аталып өтті

Астанада «Ұлттық домбыра күні» алғаш аталып өтті
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Астанада Ұлттық Домбыра күні аталып өтті. Елбасы Жарлығымен шілденің алғашқы жексенбісіне белгіленген қазақтың басты аспап мерекесін Президент өзі бастап берді. Нұрсұлтан Назарбаев: «Домбыра - ұлтымыздың бренді мен паспорты, ешкімге ұқсамайтын қайталанбас келбеті», - деді. Мерекеге Астана жұрты да белсенді қатысты. «Қазақ елі» монументі маңайында жиналған аспапты дәріптеушілер мен қызығатын жұртты үш мың күйші өз өнерімен қуантты. Келушілерге өнерпаздар Құрманғазының «Адай», «Балбырауын» мен «Сарыарқа» күйлерін, сонымен қатар, «Көңілашар» және «Еркесылқымды» ойнап берді.

«Домбыра қазақ үшін жай ғана музыкалық аспап емес, одан əлдеқайда биік тұрған киелі құндылық. Халқымыз домбыраға үкі тағып, төріне ілген, күйшілерді төредей күтіп, төбесіне көтерген. Осы игі үрдіс қазір де жалғасып келеді. Бүгін рухани жаңғыруға бет бұрған халқымыз қасиетті домбырамен құдіретті күйді қаншалықты қадірлейтінін бүкіл елімізге, бүкіл дүниеге паш етіп отырмыз. Осы жерде күмбірлеген күйлер біздің бірегейлігіміз бен рухани тұтастығымызды білдіреді. Лайым, əр уақытта бізге, елімізге Жаратқан бірлік берсін»,-деді Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ.  

Новости партнеров