Астанадағы «Қараөткел» қорымы қараусыз қалған

Астанадағы «Қараөткел» қорымы қараусыз қалған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Астанадағы «Қараөткел» қорымы қараусыз қалған. Республикалық маңызы бар 100 киелі нысанның қатарына енген мола – осы күні бұзақылар мен нашарқорлардың түнейтін аумағына айналыпты. Шөбі белден асып, қурауға шақ. Ал, жергілікті әкімдік бұл іске араласа алмай отыр.

Осы Қараөткел қорымы еліміздің киелі жерлерінің тізіміне енгізілген. Өйткені мұнда Кенесары ханның сарбаздары жатуы мүмкін деген дерек бар. Осыдан 4 жыл бұрын археологтар тапқан көктастарда Кенесары ханның 50 жасауылы, 200 әскери қолбасшысы жерленгені туралы жазылған екен. Алайда бұл әлі де зерттеуді қажет етеді.

¤«Кенесарының осы Ақмола бекінісін Қараөткелді қоршағаны рас. Бірақ жерленді ма, жоқ 1922 жылы ас берілген осы жерде Кенесары мен Наурызбайға арнап. Ас берген кезде қойды ма құлпытасты мәйіт болған жауынгерлерді еске алып», - деді ¤Тарих ғылымдарының докторы, профессор Жамбыл АРТЫҚБАЕВ.

Киелі аумақ - ұлт үшін тарихи мұра. Оны көздің қарашығындай сақтау керек. Қайткенімен, мұнда орыстың оспадар отаршылдарын қынадай қырып, қазақтың бодандық бұғауынан босауына үлесін қосқан Кенесары бастаған батырлардың болғаны анық.  

«Біз үшін бұл тарихи орын. Осы жерде болғаны анық. Жатқан сарбаздары бар деген белгі. Оны зиялы қауым насихаттап жүр. Мемлекеттік тараптан ол жер қорғалады. Ел баратын қаланың киелі жері, тағзым етуге баратын жер», - деді ¤"Сакралды Қазақстан" ғылыми-зерттеу орталығының басшысы Берік ӘБДІҒАЛИ.

¤Нашақорлар мен бұзақылардың ордасына айналған зират 5-6 жыл бұрын ресейлік меценат Микаил Гуцериевтің қаржысымен қоршалып, реттеліпті. Ол бөлген 1 млн 600 мың доллар бүгінде таусылып, киелі жер күтімсіз қалған. Егер қаулап өскен шөп өртенсе, тарихымыз орны толмас шығынға ұшырары сөзсіз дейді шырақшы Құрбан ақсақал.

¤«Бұл жер үлкен қамқорлықты қажет етеді. Қазір үкімет мойындады. Мұнда қасиетті кісілер жатыр. Қаржы мәселесі шешілмей жатыр, Үкімет таза ұстау керек, шөбі орылып, өрт болмау үшін. Кенесары сарбаздарына келгендерге көрініс, жағдай жасайтындай жоспарлар құрып жатқан жігіттер бар, соны іске асыру керек», - деді ¤шырақшы Құрбан СМАҒҰЛҰЛЫ.

Жергілікті әкімдік болса, Қара өткелдің қазіргі күйімен таныс. Әйтсе де, оның күтіміне мемлекет қазынасынан еш қаражат қарастырылмапты. Шырақшының да ай сайынғы 30 мың теңге жалақысын қалталы азаматтар көтереді екен.

¤«Оған қарайтын мекеме әлі анықталған жоқ. Ол бойынша әкімдік тарапынан жұмыс жасалып жатыр. Келесі жылдары қаржы бөлініп, штат жиналып, сыпырушы, күзетші бөлінеді деген үміттеміз», - деді «Тарихи-мәдени мұра объектілерін және ескерткіштерді сақтауды қамтамасыз ету жөніндегі дирекция» МКҚК директоры Самат ТЕРГЕМБАЕВ.

¤Қараөткел зиратындағы Кенесары сарбаздарына қойылған құлпытастағы жазу бүгінде өше бастапты. Ал мұнда жүйелі зерттеулер әлі де жүргізілмеген. Маманның айтуынша, бұл мәселенің де шешімі қаражатқа тірелуде.

 

Әлия Алмауытова, Нұрлан Өтегенов, АТ. Астана


Новости партнеров