«Металл дұрыс болған, керісінше дәнекерлеушілер дұрыс жұмыс жүргізбеген». Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов EXPO-2017 алаңындағы салынып жатқан ғимараттың құлауы туралы осындай мәлімдеме жасады. Оның айтуынша, жүргізілген тексеріс нәтижесінде құрылыс металдарының сапасы нашар болғаны анықталыпты. Ал EXPO құрылысын мердігер ретінде жүргізіп отырған "АБК Құрылыс" компаниясының өкілдері Қасымовтың мәлімдемесіне қатысты өз пікірлерін білдірді. Олар жобаны дайындаушы емес, тек құрылысшы ғана екендерін және құрылысты арнайы бекітілген сызбалары мен инженерлік шешімдері бойынша жүргізетіндерін айтты. Сондай-ақ, мердігер тергеу жұмыстарының әлі де өтіп жатқанын хабарлады. Естеріңізге салсақ, EXPO территориясында ұзындығы 96 метр және салмағы 240 тонна болатын декоратив көпірдің құрастырмасы опырылған болатын.
«Бүгінде металлға жасалған сараптама қорытындысы шықты. Сараптама күрделі болғандықтан ол ұзақ уақытқа созылды. ЭКСПО павильонындағы көпір құрылысына құрыш металл қолданылған. Алдын-ала айтсақ, монтаждау жұмыстарын жүргізгенде тиісті талаптар сақталмаған. Көпір соның салдарынан құлаған. Қазіргі уақытта құрылысқа техникалық сараптама жүргізілуде. Осы сараптама қорытындысы бойынша нақты шешім қабылданатын болады»,- деді ҚР ІІМ мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры, Алмас САДУБАЕВ.