Астанадағы су алып кеткен даңғылда үрлеме қайықпен жүзген ер адамдар жазаланды, деп хабарлайды Sputniknews.kz жергілікті полиция қызметіне сілтеме жасап.
Нөсер жаңбыр кезінде елорда тұрғындары қайыққа отырып алған екі адамды байқаған еді.
Тәртіп сақшылары жігіттердің бұл әрекетін ұсақ бұзақылық деп бағалаған. Оларға қатысты әкімшілік құқық бұзушылықтар кодексінің 434-бабына сай хаттама толтырылған.
Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық соты «қайықшылардың» әрқайсысына 5 АЕК көлемінде (12 025 теңге) айыппұл салды.
Астана қаласында дүйсенбі күні нөсер жауын жауып, көшелерді су басып кетті. Тіпті бағдарлы автобустың салонына жаңбыр суы кіріп кеткен.
Кейінірек қала билігі тұрғындардан кешірім сұрап, жаңбыр канализациясы проблемасын 2019 жылы шешуге уәде берді.