Астанадағы Сирия келсіссөздері осы ретте нәтижесіз қалды

Астанадағы Сирия келсіссөздері осы ретте нәтижесіз қалды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Сирия дағдарысын реттеуге арналған Астана процесінің кезекті келіссөзі нәтижесіз аяқталды. Тараптар он сағат отырып бірде бір құжатқа қол қоймаған. Бір келісімге келмеген. Бұл туралы делегация басшысы Башар аль-Джафари мәлімдеді. Десе де қарулы Сирия оппозициясының өкілдері Астанадағы келіссөздерге арнайы келген. Ал қалған тараптар бір-екі бұрын елордаға ат басын тіреп, тіптен бірнеше кеңестер де өткізіп үлгерген. Десе де  қорытынды келіссөздер 23-ші ақпанда Женевада өтеді.

Бұл жолғы екінші мәрте өткізілген Астана процесінде Сирия оппозициясы тағы кешігіп келді. Бірнеше сағатқа емес,  бақандай бір күнге. Бұған дейінгі жиыннан ерекшелігі, Біріккен Ұлттар ұйымы мен  АҚШ-тың сарапшылары қатысты. Бейбіт келіссөздерге кепілдік берген Түркия, Иран, Ресей, Сирияның үкімет мүшелері мен БҰҰ өкілі жиынды жабық есік түрінде өткізді. Тіпті ас-су ішуге де сыртқа шықпады. Жұмыс қауырт, шешетін мәселе көп. Алайда ортақ  мәміле жоқ. 

«Негізігі келісімге қол қойылмады. Бұған мен түрік делагациясы мен сирия оппозициясын кінәлаймын. Себебі, бұл келісімсөздерге олар немқұрайлы қарады. Белгіленген уақыттан кешігіп келді»,- деді Сирия үкіметі делегациясының басшысы, Башар ӘЛ-ДЖАФАРИ.

Бәрін айт та, бірін айт дегенмен тараптар кішігірім консенсусқа келген. Иран, Ресей, Түркия үш тарапты топ құрылды. Жауаптылар Шам жерінде оқ атудың, соғыстың тоқтауын қадағалайтын болады.  Осы ретте айта кетейік, Сирия оппозициясының атынан 9 адам келген. Тоғызы да әр түрлі ұйымдардың өкілдері. Осылайша жік-жікке бөлініп кеткен бұл топтардың өзара келісімге келулеріне біраз уақыт  қажет сияқты.

«Астанадағы жиыннан кейін қарулы қақтығыс тоқтатылған аймаққа кіретін елді-мекендердің қатары артуы мүмкін. Ал, Қазақстан келіссөздерге тікелей араласпайды, еліміз бейтарап ұстанымда. Тек Иордания  алғаш рет сарапшы ел ретінде шақыртылған»,- деді ҚР СІМ департамент директоры, Айдарбек ТҰМАНОВ. 

Астанадағы алғашы келіссөздер қаңтардың аяғында өткен болатын. Ол кезде Сирия үкіметінің өкілдері мен оппозиция мүшелері алғаш рет бір үстел басында бетпе-бет отырып сөйлескен еді. Сириядағы соғысқа қатысты бұл соңғы жиын емес. Астанадағы келіссөздер əлі де жалғасуы мүмкін. Ал Елордада қабылданған шешімдер 23-ші ақпанда Женевада өтетін отырыста нақты ұсыныс ретінде айтылмақ.

Айжан Шамшидин, Бауыржан Қажақанов, «Алматы» телеарнасы, Астанадан



Новости партнеров