Астанаға әйгілі Ротшильдер әулетінің өкілдері келді. «Rothschild & Co» компаниясының басшысы Эрик де Ротшильдті Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қабылдады. Жалпы, «Ротшильд» компаниясы әлемдегі ең ірі, әрі беделді қаржы институттарының бірі. Сіздердің қаржылық салымдарда тәжірибелеріңіз жоғары. Ұлттық банкке ұсынған кеңестеріңіз біздің еліміз үшінде маңызды болмақ деді кездесуде президент. Өз кезегінде Эрик де Ротшильд кездесуге мүмкіндік бергені үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа алғысын білдірді.
«Бұл менің қазақстанға бірінші рет келуім. Екі күннен бері көргендеріме таңданысым жоғары. Қазақстан Азия мен Еуропа арасында көпір секілді. Сіздің жұмысыңыздың арқасында ел жылдам дамып келеді және болашағы жарқын»,- деді «Rothschild & Co» компаниясының директоры, Эрик де Ротшильд.