Астаналық дәрігерлер тәжірибе алмасу үшін Еуропа елдеріне аттанбақ

Астаналық дәрігерлер тәжірибе алмасу үшін Еуропа елдеріне аттанбақ
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Астаналық жедел жәрдем қызметкерлері тәжірибе алмасу үшін Израиль мен Еуропа елдеріне аттанбақ. Отандық ақ халаттылардың шетелде білім жетілдірулері үшін келіссөздер кезеңі басталып кеткен. Ал биылдан бастап шұғыл көмек көрсететін дәрігерлердің жұмыс ережесі де өзгеріске ұшырады.

Қала тұрғындарының денсаулықтары күрт нашарлап, өздерін жайсыз сезінгенде, осы жерге, яғни, жедел жәрдем қызметіне хабарласады. Ал оның дер кезінде жетуіне осындағы диспетчерлер жауапты. Жалпы, мамандар күніне 2,5 мыңнан артық қоңырау келіп түседі дейді осында. Цифрландыру мәселесі медицина саласында айтарлықтай маңызды. Диспетчерлар өздерінің әріптестерінің қай мекен-жай бойынша көмек көрестіп жатқандағын  арнайы монитор арқылы бақылап отыр.

Кезекті шұғыл көмек станцияның №7 бригадасына тапсырылды. Шақыртуды дәрігер Айдана Асқарова қабылдады. Оқу орнын бітіргеніне жарты жылдан асқан дәрігер осы қызметте аз уақыт ішінде талай жағдайды бастан кешірдім дейді. Тіпті, науқастың жұдырық ала жүгірген кезі де болған.

«Науқастаға тез жетуге тырысамыз. Бірақ жұмыс кезінде кездесетін бір м2селе бар. Ол - жүрізушілердің жол бермеуі. Сондықтан қала тұрғындарына айтатынымыз, оның ішінде жүргізушілерге  егер жедел жәрдемді көрсеңіз онда міндетті түрде жол беруге тырысыңыз. Себебі, сізде ұмытпуыңыз керек, сол науқас, ол сіздің туысуыңыз да болуы мүмкін», - деді Астана қалалық жедел медициналық жәрдем станциясы шұғыл бригадасының дәрігері Айдана АСҚАРОВА.

Шақырту бойынша келген науқас кейде дәрігердерді ұзақ күтіп қалатынын жасырмады. Бірақ бұл жолы мамандар дер кезінде жеткендігіне алғыс білдірді.

«Жиі шақырамын. Аптасына екі-үш рет келіп қалады маған жедел жәрдем. Мен қысыммен есепте тұрмын. Міне, шақырдым, тез келді», - деді Мейрамгүл РАХМАНҚҰЛОВА.

Ал жедел жәрдем станциясының басшысы жұмыстарында олқылықтар бар екендігін жасырмайды. Қазіргі кезде мемлекеттік мекемеде 800-ден артық жұмысшы, 66 жедел көмек бригадасы бар екен. Ол бір жеті бұрын өз басшылық ететін станцияда «себепсіз 10-нан артық қызметкер жұмыстан қуылды» деген ақпарат шындыққа жанаспайды деді.

«13 адам жұмыстан кетті дейді. 13 адам жұмыстан кеткен жоқ. Жүргізушілердің қаншамасы жұмыстан кетіп жатыр деп айтып жатыр, жазып жатыр. Бірақ жүргізушілердің ешқайсысы кеткен жоқ. 13 адамға жетпейді де, 13 адам болмайды. Қазіргі таңда бәрі штаттық режимде жұмыс істеп жатырмыз», - деді «Қалалық жедел медициналық жәрдем станциясы» МКК бас дәрігерінің міндетін атқарушы Сайлаубек АЙТМАҒАМБЕТОВ.

Халық арасындағы дәрігерлердің дер кезінде шақыртуға жетпеуін министрлік қаперге алған. Сондықтан ведомство биылдан бастап Жедел жәрдем диспетчерінің қызмет көрсетуін төрт категорияға бөлді. Оған сәйкес, науқастың жағдайына қарай көмек 10, 15, 30 немесе 60 минутта жетуі міндетті. Бұдан басқа, алдағы уақытта дәрігерлер әлемінің ең үздік деген Израиль және Еуропа елдерінің мамандарымен тәжірибе алмасуға мүмкіндік алады.


Новости партнеров