Астананың 20-жылдық мерейтойына орай Францияның 19 -шы ғасырдағы белгілі суретшілерінің 50-ге жуық әйгілі кескіндемелері әкелінеді. «Поль Серюзье және Бретань: аңыздардың сиқыры» деген атаумен көрмеге символизм және модерн стиліндегі туындылар қойылмақ. Демек Қазақстанға тұңғыш рет Поль Серюзье, Эмиль Бернар, Пьер Боннар, Моррис Дени сынды қылқалам шеберлерінің жұмыстары көпшілікке ұсынылады. Еліміздің Мәдениет және спорт министрлігі мен Францияның Ұлттық мұражайлар бірлестігі қолға алған мәдени шара екі елдің қарым-қатынасының жақсара түсуіне оң септігін тигізеді,-дейді. Бұл шара Астананың 20 жылдығына орай ұйымдастырылғалы отыр.
«Біз Астана тұрғындары мен қонақтарын, шоқтығы биік шараларды тамашалап жүргенін білеміз. Бірақ бұл көрменің тамаша болатынына сенеміз. Алғашқылардың қатарында болып, Франция мемлекеті және коллекциялардан алынған 50 өнер жауһарын көруге шақырамыз»,- ҚР Ұлттық музейі директорының міндетін атқарушы Леонид КОЧЕТОВ.