Астанада су арнасында кілем жуған әйел мен оның екі қызы суға батып кетті

Астанада су арнасында кілем жуған әйел мен оның екі қызы суға батып кетті
Жаңалықтармен бөлісіңіз

43 жастағы астаналық тұрғын мен оның екі қызы Нұра-Есіл арнасында кілем жуып отырып суға батып кетті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі newtimes.kz сайтына сілтеме жасап.


ҚР ІІМ ТЖК-ның ресми өкілі Руслан Иманқұлов бұл ақпаратты растады.

«Қайғылы жағдай 14 маусымда болған. Құтқару қызметіне сағат 15:38-де хабар келіп түскен. Сағат 16:20-да суға батқандардың денелері судан шығарылды. «Пригородный» тұрғын алабындағы Нұра-Есіл арнасында кілем жуып отырған үш адам байқаусызда суға құлап кеткен. Олар: 1975 жылы туған әйел және оның 11, 12 жастағы қыздары», – делінген хабарламада.

Бұған дейін де осы арнада қайғылы жағдайлар болған. Биыл 25 маусымда осы жерге батып кеткен 10-12 жас аралығындағы 4 баланың денесі табылған.


Новости партнеров