Қазгидромет алдағы үш күнге ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Sputnik.
Республиканың басым бөлігінде алдағы үш тәуліктегі ауа-райы Қазақстанның солтүстігіндегі циклонға байланысты болады.
«Жауын-шашынсыз бірнеше күннен кейін алдымен солтүстік, содан кейін орталық және шығыс облыстарда кей жерде қайтадан жаңбыр жауады. Солтүстікте 8 қыркүйекте түнде жаңбыр соңы қарға ұласуы мүмкін, түнгі және таңертеңгі уақытта тұман болады», — деп хабарлайды синоптиктер.
Батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстарда әзірше жауын-шашынсыз. Қазақстанның барлық аумағында ауа температурасы орташа көпжылдық мәнге жақын, солтүстікте және орталықта бұл көрсеткіштен төмен болады деп болжанған.