Ауғанстанда қаза болған қазақстандықтың мәйтін елге жеткізуге $7 мың қаражат керек

24.01.2018 в 16:39

Ауғанстан астанасы Кабулда көз жұмған қазақстандықтың мүрдесін елге жеткізу 7 мың долларға түседі. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің өкілдері мәлімдеді. Естеріңізде болса, өткен сенбіде Кабулдағы «интерконтиненталь» қонақжайына содырлар шабуыл жасап, нәтижесінде 30-ға жуық азамат мерт болған еді. Кейін олардың арасында Қазақстан азаматының да болғаны анықталған. Бұған дейін 1978- жылғы қазақстандықтың туыстары жақынының мүрдесін елге әкелуде қиыншылықтар туып отыр деген еді. Ал, бүгін осы мәселенің жақын арада шешілетіндігі белгілі болды.