Ұлттар ұйымының Қауіпсіздік кеңесіне уақытша мүшелік мерзімде Қазақстан Ауғанстан мен Орталық Азия елдерінің мәселесіне айрықша ден қояды. Бұл туралы еліміздің Сыртқы Істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев мәлімдеді. Оның айтуынша, Ауғанстанға өмір бойы қауіп көзі ретінде қарауымыз қателік. Ондағы қақтығыстарды тоқтату арқылы елдің жетілуіне, дамуына үлес қосуға болады. Сондықтан, Қазақстан Халықаралық қауымдастық тарапына аталмыш елді экономикалық үрдістердің маңызды ойыншысы ретінде таныстыруға дайын. Оның үстіне, ондағы жағдайды қалыпқа келтіру, Орталық Азия елдерінің ашық теңізге жол ашып, экономикаларын жақсартуға мүмкіндік бермек.
«Ауғанстан өздеріңізге мәлім, географиялық тұрғыда Қазақстанның, Орталық Азия елдерінің, бұл елдердің барлығы да ашық теңізге жолы жоқ елдер. Сондықтан, бізге экономикалық қатынастарымызды диверсификациялау мәселесі аса маңызды, ұтымды»,-деді ҚР сыртқы істер министрінің орынбасары, Ержан АШЫҚБАЕВ.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан бірінші рет өз тарихында Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесінің мүшелігіне қабылданған болатын. Ал, 19 қаңтарда еліміздің Сыртқы саясатқа жауапты өкілі Қайрат Әбдірахманов Ауғанстан мен Орталық Азия елдерінің қарым-қатынасы жайлы министрлер деңгейіндегі дебатқа қатыспақ.