Қазақстанда оқитын ауғанстандық студент Нұрсұлтан Назарбаев пен әлем лидерлерінен көмек сұрады. Астананың жоғарғы орындарының бірінде тәлім алатын Хафиз Хан өз отанында жалғасып жатқан қантөгісті тоқтатуды өтінді. Атыс-шабыстан көз ашпай, үрей жайлаған отаны «Қазақстандай жайнаса», - дейді. 23-жастағы Хафиздің үндеуі желіде кең тарап кетті.
Отанындағы жағдайды, атыс-шабысты Қазақстан басшысы Нұрсұлтан Назарбаев алдағы Америкаға ресми сапар аясында Дональд Трампқа жеткізсе деген Хафиз Ханның бейнеүндеуі ел арасында көптеп тарап кетті. 37 миллионға жуық халқы бар Ауғанстанда лаңкестік топтар белең алып тұр. Жұртқа қиянат басқа көрсетпейтін қылмыскерлер кімді болса да аймайды. Тіпті, Хафизбен оқитын тағы бір отандасы мемлекеттік қызметте істегендігі үшін 7 күн террористтердің тұтқынында болыпты. Бірақ, құдай сақтап, аман қалыпты.
«Егер өзім де үйден шықсам, өзім қорқып жүремін. Мүмкін террорист болса, үйге қайтып бармауым. Сол біз жастар барымыз дауыс шығардық. Бейбітшілкік үшін, біздің Қазақстанның президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев, Дональ Трамп біздің дауысымызды тыңдасын. Ауғанстанның бейбітшілігі үшін сөйлессін», - деді¤ Хафиз ХАН.
Сарапшылардың әлемде Ауғанстанға қатысты ортақ қағидасы бар. Олардың айтуынша, Орталық Азияда тыныштық орнауы үшін, алдымен ауған жұртшылығының жағдайы дұртысталу керек. Оны ел дипломаттары жақсы біледі. Сондықтан, Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік кеңесінде мүшелік ететін Қазақстан Ауғанстан жағдайы жайлы арнайы құжат дайындауда.
«Ауғанстандағы жағдай реттелмейінше, жалпы Орталық Азияның тұрақты дамуы бойынша айтау қиын. Сондықтан, Қазақстанның қойып отырған талабы ауған тарабынан жоғары мәртебеге ие. Оны ауған студентінің президентке үндеуінен аңғаруға болады», - деді саясаттанушы Жұмабек САРАБЕК.
Әлемдік саяси аренада өзіндік салмағы бар еліміз Сирия қақтығысына айтарлықтай өзгеріс енгізгенін барлығы біледі. Ауғанстандағы жағдайды түбегейлі шешпесе де, көптің назарын жіті аудартауға қауқарлы. Демек, жас болса да, ісі ірі Хафиздың үндеуі тиісті жандарға жетеді деген үміт бар.