Аустралиядағы сауда орталықтардың біріне жеңіл моторлы ұшақ құлады. Сауда орталығы Мельбурн қаласына жақын орналасқан. Эдиссон әуежайынан енді ғана бағыт алған ұшақ бортындағы бес адамның барлығы қаза тапты. Абырой болғанда, апат болған сәтте сауда орталығы жабық болып, басқа жапа шеккен адам жоқ. Аустралия билігі, апат ұшақ қозғалтқышының істен шығуының салдарынан болған деп болжап отыр. Ал жергілікті полиция қызметі тексеру жұмыстарын жүргізіп, оқыс жағдайдың себебін анықтауда. Аустралияда «аза тұту күні» деп жарияланды. Бұл штат тарихындағы соңғы 30 жыл ішінде орын алған күрделі авиациялық апат.