Ауыл шаруашылығы министрлігі басшысының біріне сот үкім шығарды

30.06.2017 в 16:06

Ауыл шаруашылығы министрлігі басшысының біріне сот үкім шығарды. Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің бұрынғы төрағасы Сақташ Хасенов 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Онымен қоса мүлкі де тәркіленетін болды. Ол бір жыл отырған басшылық қызметінде жалпы көлемі 36 милиион теңгені жымқырып үлгерген. Оған көмектескен жұмысшысы Елена Решетько да жазасыз қалмады. Оны сот 4 жылға бас бостандығынан айырды. Еске сала кетейік, Сақташ Хасенов былтыр қарашада жеке компания басшысынан 5 млн теңге алып жатқан жерінен қолға түскен. Анықталғаны - әлгі кәсіпкер ел аумағына мың тонна тауық етін кіргізбек болыпты. Ал, комитеттің экс-төрағасы Хасенов оған пара алу арқылы рұқсат берген.