Австралия астанасын кенгурулер жайлап алды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Австралия астанасы Канберра қаласында кенгурулердің жаппай шоғырлануы байқалып отыр, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Корреспондент порталына сілтеме жасап.

Азық тапшылығы салдарынан жануарлар өздерінің қалыпты тіршілік ортасын тастап, елді мекендерге қарай жылжуға мәжбүр болған. Олар үйлердің артқы ауласындағы шалғын шөпке, спорт алаңдары мен көгі қалың өскен жол бойларына қызығып, осы аумақтарда кеңінен жайылып жүр.

Парктер және қоршаған ортаны қорғау қызметінің директоры Даниэль Иглесиас қала тұрғындарына ымырт пен таңғы алагеуім уақытта абайлап жүру керек екенін ескертті. Дәл осы уақытта кенгурулер азық іздейтін болғандықтан, жануарлардың көлік астына түсу қаупі де жоғары.

Жалпы, кенгурулер әлеуметтік жануарлар болып табылатындықтан, әдетте, олар топтасып жүреді. Иглесиас кенгурулердің жақын тобы қайда орналасқанын біліп, оларды тамақтандыруға тырыспай, жануарлардан алшақ жүруге шақырды.


Новости партнеров