Ай тұтылуы ауа райына еш әсер етпейді – синоптик

Ай тұтылуы ауа райына еш әсер етпейді – синоптик
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Айдың тұтылуы ауа райына әсер ете ме? Бүгін түнде болатын ерекше құбылыс ауа райына қаншалықты әсер етпек және алдағы демалыс күндері де алматылықтарды қандай күн райы күтіп тұр?

Қазгидромет РМК Алматы қалалық филиалының инженер-синоптигі Дәулет Кисебаев Айдың тұтылуы ерекше құбылыс екенін айта келіп, бұл астрологиялық құбылыс болғандықтан, ауа райына еш әсер етпейтінін жеткізді.

«Алдағы демалыс күндері Алматы қаласында ауа райы жақсы, күн ашық болады. Ауа температурасы түнде +15, +20 градус, күндіз +30, +32 градус жылы болады», – дейді Дәулет КИСЕБАЕВ.

Инженер-синоптик маман демалыс күндерін тауда өткізгісі келетін немесе өзен-көлдерге шомылуды жоспарлап отырған тұрғындар жағымды болжам айтты.

«Тауға шығуды жақсы көретін адамдарға айтарымыз, таулы аймақтарда ауа райы жақсы, күн ашық болады. Бірақ, ауа температурасы қалаға қарағанда 10, 15 градусқа төмен болады. Сондықтан, өздерімен бірге жеңіл күртеше, киім алуға болады. Өзен- көлдерге шомылуға баратындар алаңдамай демала берсе болады. Себебі, ауа температурасы +30 градустан жоғары болады», – деді синоптик маман.

Сондай-ақ, алдағы аптада ауа райы жайма-шуақ күндерімен қуанта ма деген сауалға күннің ашық болатынын, ауа температурасының түнде +15,+20 градус, күндіз +27, +30 градус болатынын жеткізді.

Ал аптаның соңғы күндері Алматыда өткінші жаңбыр күтілуде, найзағай ойнап, жел соғуы мүмкін екен.

Новости партнеров