Бағлан Майлыбаев қамауға алынды

Бағлан Майлыбаев қамауға алынды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Мемлекеттік құпияларды заңсыз жариялады деген күдікпен Бағлан Майлыбаев қамауға алынды. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі хабарлады. 2017 жылғы 12 қаңтарда Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қылмыстық кодекстің «Мемлекеттiк құпияларды заңсыз жинау, тарату, жария ету» бабы бойынша  қылмыстарды жасады деген күдікпен президент әкімшілігінің қызметкерлері болған Бағлан Майлыбаев және Николай Галихинді ұстады. 14 қаңтарда Астана қаласы, Есіл аудандық соты 2 ай мерзімге қамауға алу санкциясын берді», - делінген хабарламада.

Қазіргі таңда аталған тұлғалар Қылмыстық-процестік кодекстің 128-бабына сәйкес Ұлттық қауіпсіздщік комитетінің тергеу изоляторына қамауға алынған. Күдіктілердің және олардың туыстарының тұрғылықты жерлері бойынша тінту жүргізілді, заттай дәлелдемелер алынды. Айта кетейік, тергеу-тексеру нәтижелері жөнінде қосымша хабарланады.


Новости партнеров