Енді бала тууына байланысты жәрдемақыны тұрғылықты жеріне байланыстырмай-ақ рәсімдеуге болады

Енді бала тууына байланысты жәрдемақыны тұрғылықты жеріне байланыстырмай-ақ рәсімдеуге болады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жас аналар бала тууына байланысты және оның бір жасқа дейінгі күтіміне жәрдемақыны тіркеуіне қарамастан рәсімдей алады. «Азаматтарға арналған үкімет» қазақстандықтардың уақытын үнемдейтін кезекті пилоттық жобаны іске қосты. Өткен жылдың қыркүйек айынан бастап іске асқан жоба шеңберінде перзентхана ғимараттарында бірден 4 бірдей қызмет алуға мүмкіндік туған еді. Бұл қызметтер: бала тууын тіркеу, бала тууына және оны бір жасқа дейін күтуге жәрдемақы тағайындау, әлеуметтік тәуекелдер жағдайына әлеуметтік төлемдер тағайындау: бір жасқа толғанға дейінгі уақытта бала күтіміне байланысты кірісінен айырылу, балаларды мектепке дейінгі мекемелерге кезекке қою. Бүгінгі күнде бұл жобаға еліміз бойынша 206 перзентхана мен перинаталдық орталықтар жұмылдырылып, онда жүз мыңнан аса адамға қызмет көрсеткен. 2016 жылы республикалық бюджеттен баланың бiр жасқа толғанға дейiнгі күтіміне берілетін жәрдемақыға 30,9 млрд теңге бөлінді. Жылдық орта есеп бойынша баланың бiр жасқа толғанға дейiнгі күтіміне берілетін жәрдемақыны 143 мыңнан астам адам алған.


Новости партнеров