Бақыт Қасабеков 5 жылға сотталды

Бақыт Қасабеков 5 жылға сотталды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматының Әуезов аудандық ішкі істер бөлімінің бұрынғы бастығы Бақыт Қасабеков 5 жылға сотталып кетті. Айыптаушы тараптың дерегінше, қауіпсіздікті қамтамасыз етудің орнына бұрынғы шенді, керісінше  қылымыстық топты бүркемелеп, олардан тұрақты түрде пара алып отырған.  "Қызметтік бабын асыр пайдалану" баптарымен айыпталған Бақыт Қасабеков жазасын түзету колонияда өткізетін болды. Қаладағы білдей бір ауданның құқық саласын басқарған ол полковник шенінен де қоса айырылды. 

«Қасабеков Бақыт Алтынбекұлын  ҚР қылмыстық кодексінің 366 бабының 2-тармағы, пара алу, 361 баптың 4 тармағы, қызметін асыра пайдалану бойынша кінәлі деп табылсын. 58 баптың 3 тармағын негізге алып, Қасабеков 5 жылға бас бостандығынан  айырылсын. Жазасын қауіптілігі орташа түзету калонияда өтесін», - деді Алмалы аудандық сотының судьясы Қуаныш ӘРІПОВ. 

Қасабековты  осыдан тура бес ай бұрын Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдері ұстаған еді. Ол Әуезов  аудандық ішкі істер бөлімінің басшысы болып тұрған кезде қылмыстық топқа қолдау білдіріп қана қоймай, тұрғындардан түскен шағымдарды қасақана қараусыз қалдырып отырған. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында қылмыстық топтың өзге де  белсенді 15 мүшесі құрықталған еді. Сол кезде ішкі істер бөлімі басшысының үйінен қомақты қаржы мен көптеген атыс қарулары және оқ-дәрі тәлкіленген. 


Новости партнеров