Үкімет басшысы мемлекеттiк-жекеменшiк серіктестік аясында жұмыс iстегiсi келетiн инвесторларды жинады

Үкімет басшысы  мемлекеттiк-жекеменшiк серіктестік аясында жұмыс iстегiсi келетiн инвесторларды жинады
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Премьер-министр Бықытжан Сағынтаев   мемлекеттік -жекеменшік әріптестікті дамыту  жобасының жүзеге асуын сынға алды. Министрлердің мәлімдемесін кезекті рет тыңдаған үкімет басшысы жобалардың тек қағаз бен құр сөз  жүзінде қалып отырғанын айтты. Тіптен жүзеге аспай отырған жобаларды  Премьер-министр  «ұзатылуға дайын, бірақ алатын жігіттің жоқтығына" да теңеді. Сондықтан  жұмысқа қарқын қосып, кедергi болып отырған мәселелердi созбалаңға салмай, жылдам шешудi тапсырды.  

 «Баяндамалардан көрiп отырғанымыздай, бұл бағытта белгiлi бiр жұмыс iстелiп жатыр. Қажеттi нормативтiк-құқықтық база бар, өңiрлерге дербестiк берiлдi, яғни үлкен жұмыс атқарылған. 300-ге жуық жоба бар. Десек те, «Қыз ұзатылуға дайын, бiрақ алатын ешкiм жоқ» деп айтып жатады ғой, тура соның кебiн киiп отырмыз. Заңды өзгертеміз, барлық жобал жүзінде ғана. 2017-2019 жылда аралығында мектепке дейінгі 1630 мекеме ашуды жоспарлап отырмыз»,- деді ҚР премьер-министрі, Бақытжан САҒЫНТАЕВ.  

Үкімет басшысы  мемлекеттiк-жекеменшiк серіктестік аясында жұмыс iстегiсi келетiн инвесторларды жинап, оларға қандай  көмек керек екендігін анықтауды тапсырды. "Президент тарапынан әдiл сынға iлiгiп жүрмiз" деген  Үкімет басшысы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бішімбаевқа бұл бағдарламаны жылдамдатуды тапсырды. Ал білім министрі Ерлан Сағадиевтің айтуынша, елдегі  тоғыз мың бес жүз балабақшаның екі жарым мыңы жекелеген инвесторлардың көмегі арқылы ашылған.  

Новости партнеров