Бақытжан Сағынтаев бірқатар министрлердің жұмысын сынға алды

 Бақытжан Сағынтаев бірқатар министрлердің жұмысын сынға алды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
- Бақытжан Сағынтаев бірқатар министрлердің жұмысын сынға алды. Тікелей тапсырылған міндеттемелерді дұрыс орындамайсыңдар деді. Әсіресе, Елбасы Жолдауындағы өзін-өзі жұмыспен қамтығандар мәселесін қарастыру жөнінде айтылған сынына баса назар аударды. Үкімет басшысынан сөз естіген министрлер жайын Нұржан Сәдірбай айтып беруге дайын тұр. Бақытжан Сағынтаев сыны тағы кімге қатысты? Тіпті, дұрыс жұмыс істмегендерді қызметінен босатылады депті. Кімдер, қандай ведомсвто басшылары сөз естіді
- Алдымен Премьер -министр жекешелендіру мәселесіне тоқталды. Инвентаризация бойынша сатуға шығарылатын кәсіпорындардың нақты тізімі жасалса да, уақыт өте келе, жаңа нысандар саңырауқұлақтай көбейіп кетеді деді. Тимур Сүлейменовтен Премьер-министр екі жылдың қорытындысы бойынша нақты кәсіпорындардың санын сұрады. Содан кейін жаңа нысандар құрылды ма деген сұрақ қойды. Оған Ұлттық экономика министрі жалпы тізімге тағы 168 кәсіпорын қосылғандығын айтты.
«Сонда біз инвентаризацияны не үшін өткіздік? Бір қолымызбен қысқартып отырмыз, ал екінші қолымызбен одан да көп нысандарды құрып алдық па? Неге ондай әрекеттерге жол береміз? Бір кәсіпорынды жоямыз, соның орнына басқасын жасаймыз. Олай жұмысымыз бітпейді ғой»,-деді ҚР Премьер-Министрі, Бақытжан САҒЫНТАЕВ.
 Ұлттық экономика министрі Сүлейменов бұған тұщымды жауап бере алмады. Нақты анықтаманы кейінірек берсек болады ма деп, құтылды. Сол үшін Үкімет басшысынан тағы да сын естіді. 

 «Тимур Мұратұлы, сіз баяндама жасау үшін келдіңіз. Анықтаманы кейіннен қол астындағы қызметкерлерден сұрамайтындай, бәрін баста ұстау керек. Міне, осының салдарынан сіздерде жаңа кәсіпорындар саңырауқұлақтай қаулап кетеді. Себебі, ешқандай бақылау жоқ. Ойларына келгенін істейді»,-деді Бақытжан САҒЫНТАЕВ.

Сондай-ақ, Бақытжан Сағынтаев Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жұмысын сынады. Президенттің 10-шы қаңтарда Жолдауындағы ескертпесіне екпін түсірді. Онда Елбасы жұмыспен қамтығандар мәселесін қарастыру жөнінде бірнеше рет талап қойғанмен, Тамара Дүйсенова басқаратын ведомства жауапсыздық танытып, атүсті қарады деген еді. 

 «Елбасының Жолдауында айтылған сынды бәріміз үшін соңғы ескерту деп білуіміз керек. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ғана жұмысты соңына дейін атқармай жатыр демей, өңірлер де бұл жұмысқа атсалысуы керек. Бұл, барлығымыз - Үкімет те, өңірлер де, әкімдіктер де атқаратын кешенді жұмыс. Сондықтан, министр Тамара Қасымқызы, айтқан ұсыныстардың барлығын жеке қарастыруға тиіспіз. Тамара Қасымқызы, керек болса ай сайын менің жұмысымның деңгейінде бұл шаруаны жүргізетін болайық. Министрлікпен бірге, жеке блокта өңірлердің де есебін тыңдайтын боламыз»,-деді ҚР Премьер-Министрі. 

Министр ел азаматтарын жұмысқа тарту үшін көбірек мүмкіндік беріп, олардың жеке кәсіп бастауына немесе жаңа мамандық алып, жұмысқа орналасуына жағдай жасалуын 2018 жылдың соңына дейін жеткізу керектігін айтты. Жалпы, Үкімет басшысы цифрландыру саласында жұмыстың бір бөлігін мерзімінен бұрын аяқталса, міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандыру жүйесін енгізуді 2020 жылға дейін күтпей-ақ қоюға болады деді. Демек, биыл өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың өзекті мәселелері мен міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандыру жүйесін толыққанды енгізуге барлығымыз ат салысып, оның шешіміне күш салуымыз керек деді. Нұрсұлтан менің айтарым осы. 


Новости партнеров