Балалар табиғатты аялауға үндеді. Алматыда қалалық экология департаменті ұйымдастырған сурет байқауының жеңімпаздары анықталды. Еңбегі үздік деп танылған 12 жасар Дильназ Нұрғожаева енді Астанада Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні қарсаңында өтетін республикалық сайысқа жолдама алды. Байқауға балалар үйлері және арнайы мектеп- интернаттар тәрбиеленушілері қатысты. Мүмкіндігі шектеулі балалар өз туындыларында қоршаған ортаны аялап, табиғатты ластамауға үндеген.
«Бастысы - экология тақырыбында қоршаған ортаны қорғау ретінде жұмыстар жасалынды. 6 жастан 12 жас аралығындағы балалардың арасында қоршаған ортаны қорғау үшін не жасау керек? Яғни қоршаған ортаны қорғауды қалай түсінеді? Сол мақсатта жұмыстар жасалды. Және де өте терең ашылды. Бұл жерде өте көп жұмыстар болды. Гуашьпен, акварельмен салынған», - деді Алматы қаласы бойынша экология департаментінің бас маманы Баян ҚЫДЫРБАЙ.