Бас партия өкілдері көшпелі кездесу өткізді

14.07.2017 18:36


Қазақстандықтар Нұр Отан партиясына қайта қаржыландыру, тұрғын үй және ипотекалық несие мәселесімен көп жүгінеді. Бас партия өкілдері көшпелі кездесу өткізді. Құрамында қаржы мекемелерінің өкілдері, омбудсмен және екінші деңгейлі банктің басшылары болды. Олар, тұрғындардың мәселелерін тыңдап қана қоймай, керісінше шешу жолдарын көрсетті әрі түрлі бағытта кеңес берді. Статистикалық мәлімет бойынша, тұрғындардың әр төртінші сұрағы ипотекалық несиеге қатысты. Айта кетейік, жыл басынан бері Нұр Отан партиясының қоғамдық қабылдауынан 120 мыңнан аса азамат өткен.

«Қабылдауларда әрбір мәселе талқыланып, өзінің шешімін табады. Бүгінгі таңда, түскен өтінішітердің әрбір төртіншісі өзінің оң шешімін тауып отыр. Көбіне кеңес беріп отырмыз. Бізде заңгерлер, адвокаттар медиаторлар, жұмыс істейді»,- деді "Нұр Отан" партиясы республикалық қоғамдық қабылдау бөлімінің меңгерушісі, Жұмажан ЖҮКЕНОВ.