|
15.06.2018 | 22:48
5835

Бауыржан Байбек Алатау ауданында салынып жатқан мешіттің құрылысымен таныс болды

Бауыржан Байбек Алатау ауданында салынып жатқан мешіттің құрылысымен таныс болды

Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек Алатау ауданында салынып жатқан мешіттің құрылысымен танысты. Мегаполис басшысы жұмысты тездетуді тапсырып қана қоймай, құрылыс материалдарының сапасына да көңіл бөлуді міндеттеді. 7 мың адам сиятын мешіттің жалпы аумағы 16 мың шаршы метр. Мұнараның ұзындығы 50 метрге дейін жетеді. Ғимараттың ішінде әкімшілік пен техникалық блоктардан бөлек, ислам кітапханасы бар. Сонымен қатар құлшылық рәсімін өткізу залдары қарастырылған. Мешіт жеке кәсіпкердің есебінен тұрғызылып жатыр. 2020-шы жылға дейін құрылыс жұмыстары толық аяқталуы тиіс. Айта кетейік, жалпы Алатау ауданын дамыту мақсатында 300 миллиард теңгеден аса инвестиция тартылған. Соңғы 10 жылда мұнда, ықшамаудандар, ауруханалар, мектеп пен балабақшалар жаппай салынып жатыр. 9 мыңға жуық кезекте тұрған азаматтар Атлетикалық қалашықтан жаңа пәтерге ие болды. Сонымен қатар «Алматы арена» жастардың спортпен шұғылданатын орнына айналды.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир