Бауыржан Байбек Бас мүфтимен кездесті

Бауыржан Байбек Бас мүфтимен кездесті
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек жуырда ғана сайланған бас мүфти, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай Оразбен кездесті. Муфти «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қалада іске асырылатын жобалармен қатар жастар жұмысына да  барынша көңіл бөлініп жатқанын атап өтті. Басты мақсат мәдени рухани және діни құндылықтарды құрметтейтін өз елінің  патриотығып тәрбиелеу. Алматыда 49 мешіт және діни білім беретін 3 жоғары оқу орны бар. Өткен жылы Орталық мешіт пен «Нұр-Мүбәрәк» ислам университетінде түнгі  жарық шамдар орнатылды. Алатау ауданында 7 мың адамға шақталған мешіт құрылысы жүргізіліп жатыр. Қаладағы Орталық мешітте садақа беремін деушілер үшін электронды терминалдар орнатылды. Жаңашылдықтың басты мақсаты түсетін қаржының ашықтығын қамтамасыз ету. Ал қамқоршылардан қанша қаржы түскенін діни басқарманың  ресми сайтынан білуге болады.

Новости партнеров