Алматы әкімі Үндістанның Қазақстандағы елшісімен кездесті

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек Үндістанның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Прабхат Кумармен кездесті. Кездесу барысында сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды. Қала әкімі Қазақстанның Орта Азия елдері ішінде Үндістанның ірі сауда және инвестициялық серіктестігіне айналғанын атап өтті. Соның ішінде  ІТ қызметінде ірі экспортерлердің бірі. Ал Алып шаһар үндінің инновациялық хабтарды дамыту тәжірибесін үйренуге және ынтымақтастықты орнатуға ниетті. Өз кезегінде Прабхат Кумар туризм, білім мен мәдениет салаларында әріптестік байланысты жетілдіруде үлкен потенциалы бар екенін тілге тиек етті. Жалпы, қаламызда үнді капиталымен сауда, медицина, құрылыс, қаржы және басқа салаларда 152 кәсіпорын жұмыс істейді. Өткен жылы Алматы мен Үндістан арасындағы тауар айналымы 186,6 миллион АҚШ долларын құрады.

«Алматы - өңірлік магнит, мұнда үнділік бизнесмендердің, мәдениет қайраткерлерінің қатысуымен түрлі шаралар тұрақты түрде өткізіліп келеді. Қалаға Делиден небәрі 3,5 сағатта ұшып келуге болады. Сондықтан мен Алматының біздің азаматтарымыз үшін танымал туристік бағытқа айналатынына сенімдімін. Алматыда Үндістанның 600 студенті білім алуда. Екі жақты білім бағдарламасының аясы кеңейе түсетініне сенімдімін», - деді Үндістан Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Прабхат КУМАР.


Новости партнеров