|
28.08.2017 | 03:55
2839

Алматыда білім беру қызметкерлерінің тамыз кеңесі өтті

Алматыда білім беру қызметкерлерінің тамыз кеңесі өтті

Биылғы жылдан бастап Алматыда 33 мектеп жаңа жүйеде жұмыс істейтін болады. Онда физика, биология, химия, информатика пәндері ағылшын тілінде жүргізеді. Пилоттық жоба алдағы екі жылда жүзеге аспақ. Бұл туралы жыл сайынғы тамыз кеңесінде мәлім болды. Жоба озық технологияларды меңгере алатын, жаңаша ойлай білетін азаматтарды тәрбиелеуге ықпал етпек. Осы ретте биылғы жылғы ұлттық біріңғай тестілеу қорытындысы бойынша Алматы тағы да көш бастап тұр.

Биылғы жылы қаладағы 123 мектеп сымсыз  WI-FI желісіне қосылады. Қыркүйек айының аяғына дейін іске қосылатын жобаға қала қазынасынан 175 млн теңге жұмсалды. Жалпы мектептердің заманауи жабдықтармен қамтылуына биылғы жылы 1,4 млрд теңге қарастырылып, жылпы білім саласына 63,4 млрд теңге бөлінген. Ал жаңа форматта өткен ұлттық біріңғай тестілеуден осы жылы Алматы оқушылары 97,5 балмен республика бойынша жоғары көрсеткіштерге жетті. Білім саласында бұдан өзге де жетістіктер артып жығылады.

«2017-2018 жылғы оқу жылынан бастап ҚР Білім және ғылым министрлігінің тапсырмасы бойынша, Алматы қаласында бірнеше пилоттық мектептердің базасында 5-пен 7-ші сыныптарда жалпы көлемі 20 сағаттан тұратын Өлкетану кіріктірілген курсы жүргізілетін болады. Аталған курс география, қазақ тілі, қазақ әбедиеті, Қазақстан тарихы, музыка пәндерінің аясында оқытылады», - деді Білім беру басқармасының басшысы Рахат ШИМАШЕВА.

Одан өзге, алдағы екі жылда 7000-нан астам орынға 54 балабақша тек жеке инвесторлардың қаржысы есебінен тұрғызылады. Оның ішінде 3000-ға жуық орынға арналған 24 балабақша мемлекеттік меншікке берілетін болады. Ол 23,6 млрд. теңге мемлекет қаржысын үнемдеуге мүмкіндік береді. Бұл да қаламыздағы бизнестің жоғары әлеуметтік жауапкершілігінің жарқын көрінісі, деді әкім.

«Қазіргі таңда білімді дамытуға мемлекеттік қаржымен қатар жеке инвесторлардың көптеп үлес қосуы да осы «Туған жер» бағдарламасының басты бағыттарымен астасып жатыр. Бұл үрдіс біздің қаламызда кең өріс алуда. Мысалы, өткен оқу жылында «Koktem GROUP LTD» компаниясының қаржысына Медеу ауданында №168 қазақ мектебі мен үлкен қазақ балабақшасы ашылды. Оларға Елбасы өзі барып танысып, жоғары бағасын берді. Ал, жаңа оқу жылында Наурызбай ауданында «Сәби» қайырымдылық қорының қолдауымен салынған 1200 орынға арналған жаңа мектеп балаларға есігін ашпақ», - деді Алматы қаласының әкімі Бауыржан БАЙБЕК.

Жыл сайын қалада дарынды және шығармашыл ұстаздарды қолдауға бағытталған байқау ұйымдастырылады. Биылғы жылы қалалық үздік педагогикалық ұжым конкурсында Жамбыл Жабаев атындағы № 161 лицей жеңімпаз атанды. Бұл мақсаттарға қала қазынасынан 100 млн теңге бөлінген.

«Біз ұжымымымызбен келіп отырмыз тамыз кеңесіне. Біз өте қуаныштымыз, қала әкімінің ұстаздардың еңбегін елеп, жетістіктеріміздің нәтижесін көріп, конкурстан жеңімпаз атандырып, біздің ұжымға 170 пайыздық сыйлық беріп отыр әр ұстазға», - деді Ж.Жабаев атындағы №161 лицей директоры Роза СҰРАНШИЕВА.

Білім мекемелерінде ақша жинау мәселесі соңғы жылдары қатаң қадағалауға алынған. Нәтижесінде, соңғы 3 жыл ішінде түскен арыз-шағымдар саны 3 есе қысқарыпты.  

Сая Меңдеке, Әсет Құндақбаев, «Алматы»телеарнасы


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
Прямой эфир