Байқоңыр ғарыш айлағынан соңғы "Союз-У" зымыран тасығышы ұшырылды. Ол 1973 жылдан бері құрастырылып келген. Ракета "Прогресс" кемесін халықаралық ғарыш стансасына 2 күнде жеткізбек. Оның бортында 2 жарым тонна қажетті жүк бар. Ғарыш кемесі ғарышкерлерге арналған түрлі азықпен, ғылыми тәжірибе жасауға септесетін жабдықтармен, сондай-ақ, дәрі-дәрмектің бірнеше түрімен қамтылған.