БЖЗҚ-ның барлық филиалында ашық есік күні өтт

БЖЗҚ-ның барлық филиалында ашық есік күні өтт
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының барлық филиалында ашық есік күні өтті. Сондай-ақ, дәл осы сәттен бастап қордың сайтында "Электрондық қызмет көрсету" бөлімі мен жеке кабинет арқылы көптеген сервистерді жүзеге асыруға мүмкіндік пайда болды. Енді міндетті зейнатықы жарналарын есепке алу мен зейнетақы шотын ашу жөнінде өтінішке электрондық цифрлық қолтаңба ғана жеткілікті. Сонымен қатар, ашық есік күніне келушілерді электрондық консультант қызықтырды. Қажетті ақпараттарды қор кеңселерінде орналасқан мульти-тач экраны бар ақпараттық киоскілерден алуға болады. Салымшылар өздерін толғандырған қорға қатысты барлық сұрақты осы жерден табады. Оның республика бойынша әзірге 10-ы жұмыс істейді. Айта кетейік, қазір 3 млннан астам адам қордың ресми сайтын смартфондар арқылы пайдаланып жатыр. Айта кетейік, елімізде 2 млн зейнеткер бар. Елімізде ертеңнен бастап зейнетақы 13 пайызға көтеріледі. Базалық төлемнің көлемі 1-ші шілдеден бастап 14 мың 666 теңгені құрамақ. 

«30-шы маусымнан бастап электрондық түрде үйде отырып алып, жаңағы жұмыстан немесе үйден шықпай-ақ электрондық түрде өзі арыз беруіне болады. Есеп шот ашуға жаңағы зейнетақы шоттарын енгізуге сонымен қатар зейнатақы төлемдерін алу үшін өздері үйде отырып-ақ арыздарын беруге болады. Осы электрондық тәсілдер іске қосылды. Сонымен қатар, бізде киоскілер қызмет атқаруда. Ол арқылы зейнетақы калкульяторы бар»,- деді БЖЗҚ өңірлер қызметін үйлестіру және дамыту департаментінің басшысы, Мамила МҰСАБЕКОВА.


Новости партнеров