«Бэби-бокс» жүйесі тастанды балалардың өмірін құтқарады

«Бэби-бокс» жүйесі тастанды балалардың өмірін құтқарады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Бэби-бокс» жүйесі тастанды балалардың өмірін құтқарады. Мұндай әдіс Оңтүстік Африка Республикасында 17 жылдан бері қолданылып келеді. Өйткені, тастанды бөбектердің саны жыл сайын көбеймесе азаймай  жатқан көрінеді. «Өмір есігі» деп аталатын орталыққа осы уақытқа дейін 1500-ге жуық ана жүгініпті. Қызметкерлер қыз-келіншектерді сәбилерін далаға не болмаса қоқысқа тастап кетпеулерін сұрайды.

«Қыз-келіншектер баласынан бас тартса, онда «Үміт есігі»-не тастап кетуіне болады. Өз шақалағынан бас тартқандар үшін бұл жасырын түрде жүзеге асады. Бэби-бокстың терезесі көшеге қарап тұр. Оның ішіне сәби түссе қызметкерлер бірден біледі. Өйткені ішінде дабыл қағылады», - деді «Үміт есігі» ұйымының директоры Ричард ЭЛЛЕН.

Көп жағдайда балаларды басқа елдердің азаматтары асырап алатын көрінеді. Ал Оңтүстік Африка Республикасында бала асырап алушылардың саны күрт азайған. Есесіне орталыққа еріктілер жиі көмекке келеді. Оның ішінде 19 жастағы Джорджина Смит те бар. Қыз бэби-боксқа түскен алғашқы сәби. Тағдыр оған екінші рет үміт сыйлап, орталық АҚШ-тан екінші отбасын табуға көмектескен.

«Мен орталыққа жұмысқа тұрған сәтім еді. Кейін бір аптадан кейін бэби-боксқа алғашқы сәби келіп түсті. Мен түкте түсінбей жылап жібердім. Баласын осылай жай ғана тастап кететіндерді түсінбеймін. Бөбектің қасына «Мен сені жақсы көремін» деген хат қалдырыпты. Өз туған сәбиіне мұндай опасыздықты қалай жасауға болады?», - деді жетімдер үйінің жұмысшысы Присцилла РАЦЕЛА.


Новости партнеров