|
16.06.2017 | 14:44
1301

Белгілі бизнесмен Мұратхан Тоқмәди уақытша қамауға алынды

Белгілі бизнесмен Мұратхан Тоқмәди уақытша қамауға алынды

Белгілі бизнесмен Мұратхан Тоқмәди екі айға қамауға алынды. Алматы қаласы Алмалы аудандық соты "ҚазШыныҚұрылыс" ЖШС бас директорының кеңесшісі Мұратхан Тоқмәдиге қатысты бұлтартпау шарасы туралы қаулы қабылдады. Алматы қалалық соты баспасөз қызметінің хабарлауынша, ол өзге кәсіпкерлерге қыруар қаржылық шығын келтірген. Ол 2005 жылы белгісіз тұлғалармен сыбайласып, бас пайдасы үшін, "Семрюжком" және "ҚазШыныҚұрылыс" ЖШС-терінің тең басшысына қоқан-лоққы көрсетіп, бопсалап, кәсіпкерліктердің жарғылық қорының бір бөлігін иемденіп алған. Тоқмәди өз іс-әрекетімен 185 миллион теңгеден астам ірі материалдық шығын келтірген. 12 маусымда ұсталған Тоқмәдидің үстінен Қылмыстық кодекстің 194 бабы 3-бөлігі 2- тармағы бойынша іс қозғалды. Танымал бизнесмен ұзақ уақыттан бері "Депутаттық корпус" қылмыстық тобын басқарып келген көрінеді.

«Мұратхан Тоқмәди 12 маусым күні таңғы сағат 7:50-де Қылмыстық кодекстің 194-бабы 3-бөлімінің 2-тармағы бойынша ірі көлемдегі мүлікті иелену мақсатымен бопсалау бойынша күдікті ретінде ұсталған. Алмалы аудандық соты Тоқмәдиді екі ай мерзімге қамауға санкция шығарды»,- деді Қалалық соты баспасөз қызметінің жетекшісі, Дияс МАХАМБЕТОВ.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир