Кілем жумақ болған жүкті келіншек өзен суына ағып кетті
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Алматыда кілем жумақ болған жүкті келіншек өзен суына ағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
32 жастағы Әсия Мұсаева жолдасымен бірге ел арасында Есік бағы атанып кеткен Есік каналына кілем жууға барған. Әйел адам су жағасында тұрғанда сабыннан аяғы тайып, өзен суына ағып кетті. Келіншектің күйеуі артынан біраз жерге дейін жүзіп барған. Бірақ таба алмаған. Отбасында екі бала бар келіншек үшінші сәбиіне жүкті болған.
«Іздеп жатқанымызға 3-тәулік болды. Сол күні күйеу балам іздеген. Судың бойындағы адамдар да іздесуге көмектескен. Бір де бір көлік тоқтамаған. Қазір судың жағасын менің әкем, бауырларым, күйеу балам кезіп іздеп жүр. Өлі-тірісін білмейміз», – деді Әсияның әпкесі Шахризада Маратова.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
22.10.2026 08:10
Алматыда 26 қазан - 1 қараша аралығында ауа райы қандай болады
23.10.2026 08:10
Мемлекет басшысы «Атлетико Мадрид» бас директорын қабылдады
22.10.2026 14:32
Алматының вайбы күзге арналған: тұрғындар қала туралы не дейді
22.10.2026 21:41