Биыл Алматыда рұқсат етілмеген әдебиеттерді сатқан 18 нүктенің көзі жойылды

22.12.2017 21:42

Алматыда бір жыл ішінде рұқсат етілмеген әдебиеттерді сатқан 18 нүктенің көзі жойылды. Осы деректер бойынша 35 азаматтық іс қозғалып, жеке және заңды тұлғаларға 3 млн теңгеден астам айыппұл салынған. Сондай-ақ, жат ағамның жетегіне кеткен 1 мыңнан аса адам анықталды. Теологтар олардың тек 250-ге жуығын дәстүрлі дінге қайтарған. Қалғанымен жұмыс ары қарай да жүргізіліп жатыр. Жалпы қалада 179 діни бірлестік заңды түрде тіркелген. Тек 10-ы белгісіз себептермен жабылып қалыпты. 

«2017 жылы дін саласындағы басты құжат болған «2017-2020 жылдарға арналған мемлекеттік Дін саласындағы саясатынының тұжырымдамасы» елбасының жарлығымен бекітілді. Жыл бойында халықтың түрлі топтарымен көптеген алдын-алу шараларын өткіздік. Шамамен 660 шара. 105 мыңнан аса халық қамтылды. Бұның бәріне діни бірлестік өкілдері белсенді атсалысты», - деді  Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқарманың басшысы Айдар ЕСЕНБЕКОВ.