Биыл қант қымбаттауы мүмкін

Биыл қант қымбаттауы мүмкін
Жаңалықтармен бөлісіңіз

ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов Қазақстанда қант бағасының маусымдық қымбаттауына қатысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұл мәселеде маусымдық фактор бар. Ол әр кезде импортқа ғана емес, сонымен қатар сұраныс пен ұсынысқа байланысты болып отырады. Егер де сұраныс жоғары болса, онда импортқа немесе өзіміздің өндіріске қарамастан, баға жоғарылай береді. Менің ойымша, кез келген бизнестің маусымдық мәні бар және бұл жағдай бола береді де. Сондықтан бұл факторды жоққа шығаруға келмейді», - деді министр Үкімет отырысынан кейін журналистерге берген сұхбатында.

Сонымен қатар ол қантты тасуға қатысты кейбір жеңілдіктерді қысқарту тұрғысында ЕАЭО ұсынысын Қазақстан тарапы қолдаудан бас тартқанын еске салды.  Осы орайда құрақ қантын, ақ қантты тасымалдау бойынша жеңілдікті кезең сақталатын болды.

Бұдан бөлек Т. Сүлейменов белгілі бір кезеңдерде қант бағасының өсуін толықтай жою мүмкін еместігін атап өтті.

«Бағаның маусымдық құбылуынан толықтай құтыла алмаймыз.  Бұл жағдай нарықтағы сұраныспен байланысты екенін білесіздер», - деп түйді ведомство басшысы. 



Новости партнеров