Алматы облысында нәжістен уланған дәрігер мен 2 сантехник көз жұмды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Алматы облысында кәріз жүйесін тазалап жатқан сантехник нәжіске батып, оған үш адам көмекке ұмтылған. Өкінішке қарай, 3 адам нәжістің иісіне уланып қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Жаға ұстарлық оқиға Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауруханасының ауласында болған. «Сантехникке көмекке келгендердің ішінде 2 дәрігер мен бір сантехник бар. Барлығы 4 адам болған.
Оқиға салдарынан дәрігер мен екі сантехник қайтыс болды. Тағы бір дәрігер жансақтау бөлімінде жатыр», - деп мәлім етті облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
Ведомствоның мәліметінше, оқыс оқиға жайлы мәлімет құтқарушыларға кеше күндізгі сағат 12:34-те түскен. Төтенше жағдайлар қызметінің мамандары оқиға орнына 9 минутта жеткен.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
18 қыркүйекке арналған валюта бағамы
18.09.2026 09:00
Алматыда 21-27 қыркүйек аралығында ауа райы қандай болады
19.09.2026 08:06
Күзгі шай: денсаулық пен көңіл-күйді көтеру жолы
19.09.2026 14:40
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
19.09.2026 21:25