Биыл шағын несие алатындар саны екі есеге артпақ

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Биылдан бастап шағын несие алатындар саны екі есеге артады. Бұл туралы Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң өкiлi Ерболат Абулхатин мәлімдеді. Оның айтуынша, былтыр несие алғандар 7200 адамды құраған. Биыл бұл сан 14 мыңға жуықтайды. Айта кетейік, осыған дейін 2018-2021 жылдарға арналған жоспарда 42 млдр теңге қарастырылған болатын. Елбасы тапсырмасы бойынша, бұл сома көлемі ұлғайып, биыл қосымша 20 млдр теңге бөлінбек.

«Енді жалпы 2018 жыл шағын қаражат бөлу мөлшері 62 млрд теңге қаражатты құрайтын болады.  20 млрд қаражаттың ішінен 14 млрд теңге ауылдық тұрғындарды несиелеуге жіберіліп жатыр. Ал 6 млрд қалалық тұрғындарды несиелеуге жіберіліп жатыр. Сонымен қатар, тағы бір айтып кететін мәселе 14 млрд-ты ауылдық жерге жібереміз деп, сонның ішінде 10 млрд якорлық кооперацияға жұмсайын деп отырмыз», - деді Халықты жұмыспен қамту және еңбек нарығын дамыту департаменті директорының орынбасары Ерболат АБУЛХАТИН.


Новости партнеров