Дін дәстүрді ығыстырмайды. Қазақтың ұлттық дәстүрін дәріптеу дұрыс емес, ол құдайға серік қосу дегендердің пікірі жаңсақ, дейді ғалымдар. Осы мәселені бүге-шүгесіне дейін талқылау үшін отандық мамандар Вашингтон, Нидерланды, Түркиядан арнайы келген сарапшылармен талқыға салды. Ғалымдар бағзы заманнан бері ата-бабамыз салт-дәстүріміздің барлығын дінмен ұштастырып отырғандығын алға тартуда. Сондықтан ұлттық мәдениетімізде сақталып, санамызға сіңіп қалған салтымызды сызып тастау теріс пиғыл деген пікір алмасты.
«Мәселенің барлығы дінді салт-дәстүрден бөліп тастаған. Бірақ дін мен салт-дәстүр, бабаларымыз әр нәрсе істесе де, салт дәстүрмен байланыстырып отырып, дінге жүгінген. Дінде ешкім жаман болсын. Адам мәселен, тұмар кисе, тіл көзден сақтасын, осының бәрі мешітте, салт-дәстүріміздің бәрі дінге сүйеніп отырған», - деді Алматы қаласы қоғамдық кеңесінің мәдени саясат комиссиясының төрағасы Құсман ШАЛАБАЕВ.