Қытай кәсіпкерлері Қазақстанның стартап жобаларын қаржыландырмақ

Қытай кәсіпкерлері Қазақстанның стартап жобаларын қаржыландырмақ
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қытай кәсіпкерлері Қазақстанның стартап жобаларына миллиондаған қаржы құюға дайын. Аспан асты елінен келген делегация отандық өнертапқыштардың жобаларымен танысты. Көрші елдің бизнесмендерін қызметті автоматтандыратын жоба қызықтырады.

«Қазақстан тың технологияларды ойлап табуда өз стилі бар. Біздің осында келу мақсатымыз - алдымен үйрену, содан кейін тәжірибе алмасу, үшінші бірлесе жұмыс істеу. Сіздердің өнертапқыштарыңыз жаңа жобалар арқылы Қазақстанды басқа қырынан дамытып жатыр. Менің ойымша, біз сіздердің мамандарыңызбен болашақта серіктестік орнатамыз»,-деді Гонконг университетінің профессоры Нинг ЛИУ (Қытай).

«Қазір Қытай мемлекеті мен АҚШ ең көп қаржыларын осы жасанды интеллект саласына жұмсап жатыр. Қытай соңғы жылдары тіпті АҚШ-тан да көбірек инвестиция жіберіп жатыр. Сол себепті біз Қытайдың шұғылданатын технологияға қызығушылығы жоғары болады деп үміттенеміз»,- деді өнертапқыш Әділет МҰҚАШЕВ.

Новости партнеров