«Бөбек» және «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы пилоттық жоба енгізді

«Бөбек» және «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы пилоттық жоба енгізді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру жөніндегі республикалық кеңес 9-шы есеп беру отырысын өткізді. Құрылтай төрайымы Қазақстан Республикасының ғылым және білім вице-министрі Елмира Суханбердиева. Отырысқа еліміздің түкпір-түкпірінен жоғарғы оқу орындарының ректорлары мен білім басқармасының қызметкерлері жиналды. Ал, жиынның басты қонағы Сара Назарбаева. Кеңестің басты мақсаты - мектеп жасына дейінгі балалар, мектеп қабырғасындағы жасөспірімдер мен студенттердің рухани құндылықтарын арттырып, адамгершілікке тәрбиелеу. 

«Қазіргі адамдар ең басты нәрсені ұмытқан. Бастысы дегенім, жалпы адами құндылықтарды, адамгершілікті шетке ысырып қойған. Ең алдымен біз, үлкен адамдар өзімізді рухани тұрғыда тәрбиелеуіміз керек», - деді «Бөбек» қоғамдық қорының президенті Сара НАЗАРБАЕВА. 

2016 жылы «Бөбек» және «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасы бойынша бірнеше пилоттық жоба енгізді. Аталмыш бағдарламаны жүйелі түрде жұмыс жасап, болашақта барлық оқу орындарына енгізу жоспарланған.

Новости партнеров