|
13.09.2018 | 18:53
2321

Діни экстремизммен күреске 115 млрд теңге бөлінеді

Діни экстремизммен күреске 115 млрд теңге бөлінеді

Қаржы министрлігі 2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасын таныстырды. Басшысыз қалған ведомствоны әзірге қолға алған Берік Шолпанқұлов депутаттарға мемлекеттік органдардың Шымкенттен Түркістанға көшуіне және тероррзимге қарсы қанша қаржы бөлінетінін баяндады.    

Бақытжан Сағынтаев 3 күн бұрын министрлерден осы жылға арналған республикалық бюджетті неліктен игере алмағандарын сұраған еді. Бүгін  Қаржы министрлігі сол қатаң ескертуді қаперге алды ма, келесі 3 жылға арналған бюджет жобасын Парламент Мәжілісінің Есеп комитетіне таныстырды. Құжатта көрсетілгендей, жақында пайда болған Түркістан облысының шенеуніктері мен толық аппаратты Шымкенттен Түркістан қаласына көшіру үшін алдағы жылы бюджеттен 2,4 миллиард теңге бөлінеді.

«Бюджет республикалық маңызы бар Шымкент қаласы мен Түркістан облысы деп бөлінген Оңтүстік Қазақстан облысының әкімшілік-территориялық шығындарына бөлінеді. Шымкент қаласына қосымша 1,2 млрд теңге бөлу қарастырылған. Түркістан облысының мемлекеттік органдарын Түркістан қаласына көшіру үшін 2,4 млрд теңге бөлу жоспарланып отыр. Жалпы, 2019 жылы республикалық бюджет есебі қаржысынан өңірлерге 2,6 трлн теңге бөлінеді. Бұл бюджет шығысының 24 пайызын құрайды», – деді ҚР Қаржы министрінің міндетін атқарушы Берік ШОЛПАНҚҰЛОВ.

2019 жылы діни экстремизммен күрес мықтап қолға алынбақ екен. Ол үшін қыруар қаржы бөлу көзделіп отыр. Ал ел тыныштығын қорғайтын тәртіп сақшыларына бюджеттен 2018-2023 жыл аралығында 115 миллиард теңге жұмсалмақ.  

«Үш жыл аралығында терроризм мен экстремизмге қарсы күрес үшін түрлі құзырлы органдарға 115 миллиард теңге көлемінде айтарлықтай бюджет қарастырылған. Оның 42 миллиарды 2019 жылға арналған», – деді Берік ШОЛПАНҚҰЛОВ.

Жиынға қатысқан Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов ел экономикасы бірнеше саланың ықпалымен дамитынын алға тартты. Оның ішінде, ауылшаруышылығы, транспорттық-логистика саласы және пайдалы кен өндірісі үлкен үміт күттіреді деді.


Нұржан Сәдірбай, «Алматы» телеарнасы, Астана


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров

Janalyqtar tizbegi

След. →
Прямой эфир