Алматыда жалған ақша дайындайтын цех анықталды

Алматыда жалған ақша дайындайтын цех анықталды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда жалған ақша дайындайтын цех анықталды. Заңсыз іспен айналысқан күдікті әйел Іле ауданында қолға түскен. Ол Алматыдағы типографиялардың бірінде 1000, 2000 және 10 мың теңгелік купюраларды дайындап келген. Тексеріс кезінде, күдіктіден жалпы соммасы 2 жарым миллион теңгеге жуық қаражат, ақша басылған парақтар мен түрлі-түсті принтерлер, компьютерлер тәркіленді. 32 жастағы күдікті қазір тергеу изоляторында. Оған қатысты қылмыстық іс қозғалды.     

       

«Алматы облысы мемлекеттік кірістер департаментінің экономикалық тергеу қызметінің қызметкерлері Алматы облысы Іле ауданында 1 миллион 200 мың жалған ақша сату барысында Қазақстан Республикасының 1984 жылғы туған азаматшасын ұстаған болатын. Бұл азаматша жалған ақшаны 500 мың теңгеге сатпақ болған. Одан ары қарай жүргізілген тексерістер барысында бұл азаматшаның жеке кәсіпкер екендігі анықталды. Және сол типографияның басшысы екендігі анықталды»,- деді Алматы облысы МКД бас маманы, Жақсылық МЫРЗАХАН.







Новости партнеров