Алматыдағы 140 жер телімі жекенің қолынан қайтарылады

Алматыдағы 140 жер телімі жекенің қолынан қайтарылады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Биыл Алматыда шамамен, 140 жер телімі мемлекет қажеттілігі үшін жекенің қолынан қайтарылады. Бұл мақсатта республикалық және жергілікті қазынадан алты миллиард теңгеден астам қаражат бөлінген. Жауапты басқарманың айтуынша, қала меншігіне қайтарылған аумақтар жол инфрақұрылымын жақсарту үшін пайдаланылмақ. Қайтарылатын аумақтар Назарбаев, Рысқұлов даңғылдарында, Құлжа күре жолында және Рысқұлов пен Емцов көшелері қиылысында орналасқан.

«Басқарма бүгінгі күні 4 миллиард 100 миллион теңгеге 109 жер телімін сатып алды. Қалған сома жыл аяғына дейін игеріледі. Ал өткен жылы мемлекет қажеттілігі үшін сатылып алынған жер көлемі 2015-2016 жылғы көрсеткіштен бір жарым есе көп», – деді Алматы қаласы жер қатынастары басқармасының басшысы Алтынбек АХМЕТОВ.  

Новости партнеров