|
12.12.2016 | 10:10
2181

Әлеуметтік жеңілдігі бар топ өкілдеріне бір реттік жәрдемақы беріледі

Әлеуметтік жеңілдігі бар топ өкілдеріне бір реттік жәрдемақы беріледі


Әлеуметтік жеңілдігі бар топ өкілдеріне бір реттік жәрдемақы беріледі. Тек қана Алматы қаласы бойынша берілетін қаржы ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған. Бір реттік жәрдемақыға ай сайын әлеуметтік төлем алатын 14 топ кірген. Яғни, Ұлы Отан Соғысының және тыл ардагерлері, оларға теңестірілген адамдар, Чернобыль апатынан зардап шеккендер, 1986 жылғы 16 жетоқсан оқиғасында қылмыстық және әкімшілік жазаға тартылғандар, мемлекеттік әлеуметтік көмек алатын жандар, бірінші және екінші топтағы мүгедектер, туберкулезге шалдыққандар, «Батыр ана», «Алтын және күміс алқа» иелері. Сонымен қатар, мүгедек бала тәрбиелеп отырған тұрғындарға 50 мың теңге көлеміндегі бір реттік жәрдемақы беріледі. Айта кетейік, Алматы қаласы бойынша аталған жеңілдігі бар 67 мың адам тіркеуде. Төлем қалалық мәслихаттың шешімімен қараша айында бекітілген.

«Бір реттік әлеуметтік жәрдемақы берілетін адамдардың тізімін Республикалық зейнетақы беру орталығынан алдық. Аталған төлем бойынша ешкімнің құжат тапсырып немесе өтініш жазуының керегі жоқ. Қажетті адамдардың барлығы аталған орталықтың тіркеуінде бар. Сол арқылы беріледі. Жоспар бойныша қаржы келесі аптада аударылады», - деді Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім басшысы Гүлнәр МҰХАМЕТОВА.



Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
Прямой эфир