Алматылық атпалдай азаматтың жоғалып кеткеніне бір жылдан асса да, полицейлер оны таппақ түгілі жөнді іздемеген. Отағасын жоғалтқан жақындары осындай ойда. Тіпті, бәзбіреулер құлдықта қинап ұстап отырма деп қауіптенеді.
-Перизат, ізім ғайым жоқ болып кеткен азамат неліктен әлі күнге дейін табылмаған? Мәселенің мән-жәйі неде болып тұр?
- Иә, Нұрсұлтан жоғалған Өсербай Қожамұратов есімді азаматты үйінде қазір үш баласы, әйелі зарыға күтіп отыр. Бір жылдан бері қызырлылардың оны таппай жатқаны да жасырын емес. Осы ретте, учаскелік полиция қызметкерінің салғырттығы туыстары тұрмақ, көршілерінің ашуын шақырды. Өйткені, жоғалған адам оқыс оқиғаға тап болса да табылатын уақыты болды дейді. Әйтпесе, құлдықта біреу ұстап отырса, іздеу жұмыстарын күшейту керек деп ашынуда. Кісі жоғалудан басқа, бұл бұқараның тұратын жері "радуга" саяжайында ұрыларға қатысты мәселе шаш етектен екен. Біздің арнайы топ барып барлық мәселенің мән-жайына қанық болды! Ендеше, сюжетке назар аударсақ!
¤43 жасар Қожамұратов Өсербайдың із-түссіз жоғалғанына тура бір жыл бір айдың жүзі болды. Үш баланың әкесі, ешқашан оғаш қылық көрсетпеген. Адам баласына кесірін тигізбейтін ақкөңіл азаматтың бәзбіреулермен жаға жыртысқанын да жұрт көрмеген. Құзырлыларға өтініш тастағанымен, олардың жұмысының нақты нәтижесі болмай тұрса керек.
¤«Егер бір жерде жұмыс істеп жатса, көрген білген болса, оралуын тілейміз. Бала-шағысы мен әйелі күтуде», - деді Ө. Қожамұратовтың жұбайы Базаркүл БЕЙСЕКЕЕВА.
¤Бұл отбасының тұрғылықты жері Алматының Медеу ауданына қарасты «радуга» саяжайы екен. Мұндағы жауапты учаскелік полиция қызметкерлері аталған іс бойынша, ешқандай қызығушылық танытпаған. Кісінің жоғалғанына қатысы арыздың өзін екі жарым айдың ішінде аудандық ішкі істер басқармасы әрең дегенде қабылдапты.
«Біреу құлдыққа алып кетті деп ойлаймын. Өйткені қара жұмысты істейтін адам. Өліп қалса осы уақытқа дейін табылатын уақыты болды», - деді ¤Ө. Қожамұратовтың көршісі Азат СӘЙІКЕШОВ.
Жоғалған азаматтың ізіне түскендер де болуы бек мүмкін. Өсербай Қожамұратовтың соңғы уақытта біреулерден қашқақтап жүргені де жасырын болмай шықты.
¤«Соңғы рет дүкеннің алдында бір кісілер тұр. Содан өте алмай тұрмын. Сенің дарбазаңның алдынан өтіп кетейінші деп, екі рет менің есігімнің алдынан өтті. Өте жуас кісі. Оның сол жуасытығын пайдаланып кім болса да құлдықта ұстап отыр», - деді Ө. Қожамұратовтың көршісі Мәрия КЕУІМЖАЕВА.
¤Тұрғындар тұрмақ, саяжай төрайымының өзі де осындай болжам айтады. Бұл жерде бұзақылардың көп екеніндігі жасырмады. «Айына кем дегенде 2 үйге ұры-қары түссе де, істі учаскелік полицейлер соңына дейін жеткізбейді»,- дейді. Сорақысы бұл аумақта тәртіп бұзушылық болып жатса, жоғалғандар түгілі, қызметтегі учаскелік полицейдің өзі табылмай қалады дейді.
¤«Өзіміздің учаскелік полициямыз ел-жұртты жинап елді, айтуға болады ғой. Кім көрді кім қойды? Қандай күдік бар сұрауға болады ғой. Басын ауыртпайды», - деді Ө. Қожамұратовтың көршісі.
¤Ал полиция учаскесі қызметкерінің сөзінше, мұндай іздеу салу оқиғасы тіпті тіркелмеген дейді. Ал жұмыс орнында болмай қалуларының себебін өзге іс шараларға шапқылайтындықтарымен түсіндіруге тырысты.
¤«Өсербай деген жігітті ізеуге туралы өтініш бізге келіп түскен жоқ. Иә, біз білеміз сіздің келгеніңізді, елдер айтты, бірақ қала да іс-шаралар болды», – деді Медеу ауданының ІІБ №78 учаскелік полиция пунктінің қызметкері
«Ұрлық өте көп болады. Көбінесе үй иелері жұмысқа кеткенде, техникалық заттар жоғалады. Оған қоса, көптеген адамдардың малдары да ұрланып жатыр. Ал адам жоғалу енді бірінші рет тіркеліп отыр», - деді «Радуга» бақ шаруашылығы бірлестігінің төрайымы Валентина ЧУПИНА.
¤Саяжай тұрғындары «төрт аяқты тұрмақ, тірі пенденің айдың күні аманда жоғалып кеткендігі сабырымыздың соңы», - дейді. Егер дәл осылай жалғаса берсе, онда жоғарғы жаққа дейін баруға бел шешіп отыр.
Перизат Көмекбайқызы, Әйкерім Ердәулетқызы, Рәшит Шүкірәлиев «Алматы» телеарнасы.